Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  72


Автор: Рза Қунақова

Жасыл шалғын елестеп көз алдымда...

Жасыл шалғын елестеп көз алдымда,
Сағынамын жазды мен қыс айында.
Көктем мен күз сурет қой өз алдына,
Жазды іздеген аққуға ұқсайын да.
Жазды аңсасам, жазатын көп қой өлең,
Жаным дарқан, қызыл гүл жайраңдаған.
Көрікті көгілдір-ау, жасыл белең,
Табиғат ғажабына қайран қалам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу