Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  85


Автор: Рза Қунақова

ЖАҒАНЫ ТОЛҚЫН ҰРАДЫ

Ақ көбік атып жағаны толқын ұрады,
Сатырлап суға кəрі жартас құлады.
Шаңқ етті де үрікті ұшып шағала,
Үйренген жолы – жиекті кетті жағалап.
Нар өркешті көк толқындар сарқырап,
Тасқа тағы төнеді бір арқырап.
Таудан аққан тасқын ба деп қаласың,
Алға ытқиды сəл бөгеліп таласып.
Теңіз солай тебіренеді-ау сірə да,
Ондай сəтте сен тыныштық сұрама.
Кейбір кезде біз де тасып қайтамыз,
Біз «өмір» деп соның бəрін айтамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу