Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  62


Автор: Рза Қунақова

ТЕҢІЗ ЛЕБІ

Таң көрінді көкжиекпен арайлы,
Күлгін сəуле тереземнен тарайды.
«Бүгін ұйықтап қалыппыз», – деп бұртиып,
Қолсағатқа қызым селсоқ қарайды.
Шағаладай аппақ аспан төбемде,
Құстар жолы – тізбектелген төменде.
Ойға батып ғасырлармен сырласқан,
Оянғандай қаракөк қарт емен де.
Терезеден теңіз лебі еседі,
Сергіп көңіл мұндай сəтте өседі.
Ұшқыр көңіл көк теңізге жетелеп,
Ауырғаным ұмыт болды кешегі.
Көз алдымда өршіл теңіз ғажабы,
Жүрегімен жыр жолдарын жазады.
Теңіздейін жаны дарқан жазира
Келеді ғой біздің қырдың қазағы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу