Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  59


Автор: Рза Қунақова

ҚАРАДАҒ ЕТЕГІНДЕ

Майысып биші қайыңдар,
Тастарды жасыл мүк басқан.
Мен келем, құшақ жайыңдар,
Жадыра күліп бұлтты аспан.
Жіңішке жіптей жетелеп,
Найза шыңға жол жатыр.
Келемін жүріп төтелеп,
Көз қорқақ та, қол батыр.
Түкті қабақ қарағай,
Ұсынғандай жұпарын.
Тоймайтын балға қарағай,
Ауаны таза жұтамын.
Шелпек тастар айнадай,
Құз басында жалтырап.
Тиіндер зырлап ойнады,
Жапырақтар қалтырап.
Өрнегін тартып көп гүлдер,
Кілемдей тауға жайылған.
Болмасам да көп күндер,
Кетер емес ойымнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу