Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  96


Автор: Рза Қунақова

Бұл күндері мен көктемді іздеймін...

Бұл күндері мен көктемді іздеймін,
Жадыратар жанымды ол шаршаған.
Күз келсе де одан күдер үзбеймін,
Сарғыш тартқан гүлге қарап тамсанам.
Кей күндері мен көктемді сағынам,
Достарым көп, жалғыздығым емес бұл.
Бұлбұл əні естілмейді бағымнан,
Менің-дағы келмейді ешбір кеңескім.
Көктем – менің жастығымның белгісі,
Көктем – шабыт, қаламымды ұштаған.
Көктем – еңбек, тірлік, бірлік – ел күші,
Көңіл, шаттық сыйлайды ол күш маған.
Іздеймін мен күн сайын жыр көктемді,
Дос құшақтар гүлдерге əсем толсашы.
Сырым едің ойымдағы көптен бір,
Жыл он екі ай, көктем мəңгі болсашы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу