Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  75


Автор: Рза Қунақова

ҚЫЗЫЛ ГҮЛДЕР АЛҚА МА?

Көгілдір тауда көктем бе,
Көрінген сонау алыстан?
Адамның ойы жеткен бе,
Сағымға күміс жарысқан.
Қызыл гүлдер алқа ма,
Тау төсіне қадалған?
Арнайыншы қалқама
Ақ тілеулі, ақ арман.
Анамдай сүйген аймалап,
Тау самалы жүзімнен.
Бөртпе орамал байлап ап,
Ақ қайыңдар тізілген.
Самырсын мен шыршалар
Тау батыры секілді.
Көңіліме түрлі сыр салар,
Жас шыбықтар не түрлі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу