Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  81


Автор: Рза Қунақова

Бұлтты жарып іркес-тіркес ығысқан...

Бұлтты жарып іркес-тіркес ығысқан,
Тай арайлап, күн көрінді шығыстан.
Маңғаздана жатыр дарқан Жер-ана –
Менің өлкем кең жазира гүлістан!
Асау өзен тасып жатыр гүрілдеп,
Көлдің беті тербеледі дірілдеп.
Шағалалар көктем тойын тойлап жүр,
Көктегі күн қол бұлғайды күлімдеп.
Қиқуласып құстар басты əніне,
Дала ару гүл ұсынды бəріне.
Көктем – күлкі, көктем – өмір,
көктем – жыр,
Көктем шаттық əкелді жас, кəріге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу