Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  77


Автор: Рза Қунақова

Тырналар келді тізіліп...

Тырналар келді тізіліп,
Суларда шуыл молайды.
Күміс шық көзден үзіліп,
Сағынып жанды орайды.
Қаздар да келді қаңқылдап,
Талдырып жібек қанатын.
Келер деп өзің жарқылдап,
Жолыңа талмай қарадым.
Келер деп əлі-ақ көрініп,
Өзімді əнмен жұбатам.
Күнім шықшы керіліп,
Саяңда сенің гүл атам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу