Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  80


Автор: Рза Қунақова

Қараңғы түн, тау іші...

Қараңғы түн, тау іші,
Құпия сырға батқандай.
Бұлақтың күміс дауысы
Қоңырау соғып жатқандай.
Тауып бір сəт күй тыным,
Қайыңдар мүлгіп қалыпты.
Құшағына еніп ұйқының,
Орманда тыныс алыпты.
Жайлаудың түнін қарасаң,
Жатқан бір жайсаң тыныштық.
Асқар тау, шыңдар орасан,
Мүлгіген бұл да тыныс қып.
Қараңғы түн, тау іші,
Құпия сырға батқандай.
Бұлақтың күміс дауысы
Қоңырау соғып жатқандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу