Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  86


Автор: Рза Қунақова

Дала, дала сағынамын желіңді...

Дала, дала сағынамын желіңді,
Сағынамын еңбек сүйгіш еріңді.
Шетсіз, шексіз жалтыраған айнадай,
Сағынамын сенің шалқар көліңді.
Бұлтсыз ашық ақ селеудей аспаның,
Шағылысып күнге жалтыр тастарың.
Еңбекте ер, той-думанның көркі ғой,
Өзгеше еді дала жарқын жастарың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу