Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  57


Автор: Рза Қунақова

ТАСҚЫН

Суға толды, үлкен арна кеңіді,
Қыста қатқан тау мұзы да еріді.
Өркеш-өркеш асау толқын есірді,
Жайып салып құлашын кең көсілді.
Ысқырады, ышқынады қарасаң,
Неткен ашу, неткен ыза орасан?
Қою бұлттай қатыңқы бір қабағы,
Құлатам деп мүйіздейді жағаны.
Асыққандай сапарға бір алдағы,
Сүзіп тастап тосқауылды жолдағы.
Тулап, тулап, бұйра толқын ағады,
Жартастарды кеудесімен қағады.
Көтеріліп таудың да қарт бағаны,
Су бетінде төңкеріліп барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу