Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  82


Автор: Рза Қунақова

КҮЗ

Жаз кетті, жадыраған күні өтті,
Қарсы алдық құрметпенен алтын күзді.
Гүлдедің шешек атқан сəні кетті,
Аспанда сұрғылт бұлттар қалқып жүзді.
Кең дала жамылыпты сары тонын,
Қырындап, жаз да күзді жаратпады.
Табиғат бермеген соң қатар орын
Тілдеспей, кіртиіпті қабақтары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу