Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  81


Автор: Рза Қунақова

Ғажап сурет көз алдымда күздегі...

Ғажап сурет көз алдымда күздегі,
Зеңгір көкте тырналардың тізбегі.
Дəл ақ жібек белбеулердей аспанда,
Желпінеді құс жолының іздері.
Көкжиекте көрінеді көш басы,
Майда жонда қол бұлғайды қоштасып.
Аққулар жүр айнала ұшып көлдерде,
Қимайды екен қалғаннан соң достасып.
Боз селеулер бозай тартқан көп белдер,
Жақұттайын жарқырайды көк көлдер.
Жыршы құстар, табысармыз қайтадан,
Көк шəлісін жамылғанда көк пен жер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу