Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  124


Автор: Рза Қунақова

Дос қадірін кей-кейде түсінбейміз...

Дос қадірін кей-кейде түсінбейміз,
Жас баланың көргендей бір түсіндейміз.
Айтқаныңнан мүлт кетсе, қайран досты
Тіл жеткенше сыртынан «мүсіндейміз».
Бұрыламыз, кездессе, қарап теріс,
Біле білсек, дос деген адамға өріс.
Достық сезім болмаса адамзатта,
Қатыгездік орнайды жаппай теріс.
Ойлама досқа ешқашан қастандықты,
Суықтықты адам тек тастан күтті.
Дос арқылы жетесің мұратыңа,
Өлең түгіл, арна оған дастан тіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу