Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  86


Автор: Рза Қунақова

Егер сағынсаң мені...

Егер сағынсаң мені,
Серуенде бақта кеште.
Күлкімді түсір еске,
Жат жанмен кеңеспе.
Саған арнап,
Өлеңмен тігем кесте,
Тек мені ал еске.
Сағынышың басылмаса,
Гүлдерді тер
Мен ұнатар,
Иіскесең, ол жылытар,
Тандырып естен құлатар.
Сонда ғана мен болып,
Сені аймалар құба таң.
Сағыныш сазы көбейсе,
Қол жетпес армандаймын.
Мен бір жұмбақ жандаймын,
Кешірек атар таңдаймын.
Елестесе бейнең,
Мен де екіге бөлінермін,
Оңашада егілермін.
Жыр болып сағынышым,
Қағазға төгілер мұң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу