Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  74


Автор: Рза Қунақова

Балаң жігіт, балауса бойжеткендер...

Балаң жігіт, балауса бойжеткендер,
Көктемде бəйшешектей көктеңдер.
Тастақты тарғыл құба жонмен жарысқан,
Шақырады көк жиектен көк белдер.
Көкжиектен сонау қол бұлғап аппақ армандар,
Салқар сағыммен жарысып барады ормандар.
Жалт етіп шыққан жұлдыздай ағып бір жүйрік,
Мəреге жетіп,
Арманды алға жалғаңдар.
Балаң жігіт, балқұрақ бойжеткендер,
Кездесер алдан талай көк бел-өткелдер.
Ашылмаған арал, атылмаған жанартаусыңдар,
Бүгінді ертеңге жалғастыратын тек сендер,
Балаң жігіт,
Балауса бойжеткендер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу