Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  61


Автор: Рза Қунақова

Оқысаң менің жырымды...

Оқысаң менің жырымды,
Жанымды сонда ұғарсың.
Өлеңмен айтсам сырымды,
Түсінетін шығарсың.
Мен емес мақтан сүйетін,
Өлеңді көп, аз жазайын.
Жан болса намысқа тиетін,
Өлеңмен берем сазайын.
Адамдар бар бөспелеу,
Өз шамасын білмейтін.
Жан жолдасы өссе де,
Көре алмайтын, күндейтін.
Жағымпаздар «мықты» деп,
Кейбіреуді паналар.
«Күн қай жақтан шықты?» – деп,
Соны барып жағалар.
Екі жүзді кісіде
Екі түрлі тіл болар.
Берекесіз ісінде
Талай-талай мін болар.
Екі сөзді кісінің
Екі түрлі күлкісі.
Өзгерткен тек мүсінін,
Ол – адамның түлкісі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу