Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  86


Автор: Рза Қунақова

Қарашы бір, қарай түсші құмартып...

Қарашы бір, қарай түсші құмартып,
Бара жатыр махаббатың шын артып.
Өткен күнге өкінбеймін, жаным-ау,
Бір болған сəт өзіңменен мың артық.
Қайтарайық кеткен күннің есесін,
Аралайық бірге астана көшесін.
Ақ қайыңдар тербетіліп самалмен,
Жапырақтан жолға мамық төсесін.
Жұлдыз жансын, қарасын Ай тамсанып,
Бақ ішінде бұлбұл тұрсын əн салып.
Мен жұмыстан шаршап шыққан шағымда,
Тұрсаң болды орта жолдан қарсы алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу