Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  154


Автор: Рза Қунақова

Өткен күнге өкінбеші, садаға...

Өткен күнге өкінбеші, садаға,
Салынбашы сары уайымға санаға.
Көзіңнен-ақ көңіліңдегі оқылар,
Байқа, құрбым, көп сұқтанып қарама.
Өткен жылың сағынғанмен оралмас,
Дəл жиырмадай отыз-қырық бола алмас.
Жалыны бар, алымы бар əр жастың,
Балқытса да болған емес қола, алмас.
Көп іздеп сен өткен күнді аңсама,
Отырасың жыр ғып айтып тамсана.
Қызығына тойған жан жоқ өмірдің,
Ұзақ ғұмыр жасаса да қаншама.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу