Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  91


Автор: Рза Қунақова

Күтуменен өткіздім күнді талай...

Күтуменен өткіздім күнді талай,
Сарғайдым мен жолыңа қарай-қарай.
Ашып қойдым тереземнің жапқышын,
Жарқ етер деп күміс Күн, алтын арай.
Сонда-дағы, ардағым, көрінбедің,
Сарғайттың сағыныштан көңіл көгін.
Сен мені жетелеген арманыма
Көкжиектен көрінген көгім бе едің?
Күткеніңде өтпейді уақыт деген,
Жауғандай көрінеді жақұт деген.
Жүрегіңді жұбатар үміт деген,
Күту де бір адамға бақыт деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу