Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  64


Автор: Рза Қунақова

БОЗ ЖОРҒА

Мөлт етсе мөлдір тамшы құлағынан,
Ойып жерді, от шашып тұяғынан.
Боз жорға Ойжайлауда ойқастады,
Сусамырдың су ішкен бұлағынан.
Болса да заты жылқы, бермес намыс,
Боз жорға жайлы бар ғой небір аңыз.
Жануар жаңылмайды есебінен,
Шапса да құмшағылда өте алыс.
Көп міндім су жорғаны жас шағымда,
Жақындап кетер сол сəт аспаның да.
Қалықтап жас қырандай айнала ұшқан,
Арманға жеткендейсің, қас-қағымда.
«Əу» десең, жерді тарпап, намыс қозған,
Ер қанаты шын жүйрік құстан озған.
Жүйрік жайлы аңыз көп ел аузында,
Жорға жоқ асып түсер осы ақбоздан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу