Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  70


Автор: Рза Қунақова

Оралмайды, əттең, сол қайта арманым...

Оралмайды, əттең, сол қайта арманым,
Менің ашық жан сырымды айта алмадым.
Өлеңменен өрнектеп хаттар жаздың,
Бəріне де мен жауап қайтармадым.
Жігіт пе қыз көңілін жібітпеген?
Қашан да алға бастар үміт деген.
Кездескенде қоясың сəлемдеспей,
Өкпешіл бола ма екен жігіт деген?
Мен бірақ ақ жаныңды түсінемін,
Таға бермен сенің əр ісіңе мін.
Ақын жаны тұңғиық дария ғой,
Тереңіне бойла да, түсіне біл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу