Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  63


Автор: Рза Қунақова

Жасыма, аға, сонша неге түңілдің?

Жасыма, аға, сонша неге түңілдің?
Сəби болып мен алдыңда жүгірдім.
Əке едің, аға едің мен үшін,
Мұңаймашы, күйін шертем Сүгірдің.
Бір бейшара тиген шығар намысқа,
Өсек айтса, жетердей боп табысқа.
Үрлесең де, жанбай-тұғын шаладай,
Пасық жанмен сөзді қор ғып алыспа.
Өз қадірін, сөз қадірін түсінбес,
Ескерткіштей тілсіз тұрған пішіндес.
«Адам» деген ұлы есімнен садаға,
Ондайлардың береке жоқ ісінде еш.
Түңілген ғой ондай жаннан Абай да,
Жолатпаңдар, шама келсе, маңайға.
Сырты жалтыр, іші сылдыр адамнан.
Аулағырақ жүрген жақсы қалайда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу