Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  447


Автор: Рза Қунақова

Əзілімді шын көріп жасымағын...

Əзілімді шын көріп жасымағын,
Алғыс айтам түсінер досыма мың.
Əніңменен аялап қанаттандыр,
Күйсандық боп үніңе қосыламын.
Жаңылмайтын жақ болмас тірісінде,
Бағалама адамды бір ісімен.
Киім, ажар жақсы етпес жанның бəрін,
Бағалашы ісімен, жүрісімен.
Қуыршақ та сүйкімді киіміменен,
Соған ұқсас жандарға жиі күлгем.
Ісі-дағы, өзі де қуыршықтай
Адамдардың қылығы күйіндірген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу