Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  100


Автор: Рза Қунақова

Келемін жұрт қатарлы өмір кешіп...

Келемін жұрт қатарлы өмір кешіп,
Шарықтап кетер кейде көңіл өсіп.
Өлеңім – өмір жолым өзім өткен,
Мақтанбан кейбіреудей жөнсіз бөсіп.
Келемін өзімді өзім сүйреп өрге,
Шаппай, желіп шығыппын талай белге.
Қол ұшын жабырқаған жанға ұсындым,
Жақсылық қолдан келсе, жасап елге.
Онымды біреу білмей, біреу ұқты,
Менде жоқ сүйенетін тіреу мықты.
Жүрегімнің жартысын бөліп берген,
«Дос» дегенім өзіме жау боп шықты.
Кей-кейде қуаныштан қайғым басым,
Қаратау артқанындай қара тасын.
Ішім – мұз, сыртым – сағым жалтыраған,
Ой мазалап, көбейді шашта ағым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу