Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  67


Автор: Рза Қунақова

ЕКІ ҚОЗЫМ

Мұндай бақыт көрмеп едім мен бұрын,
Шалқиын мен, шалқыт мені, кел,жырым.
«Шаршағанда шабыт болам, əже», – деп,
Дүниеге келді айқайлап Елнұрым.
Қуанғаннан құрай алмай жыр жолын,
Екеу болды жыр жазатын бір қолым.
«Ол нұр болса, мен жыр болам, əже», – деп,
Одан кейін жарқ етті Нұрболым.
Екі ботам, екі қозым – егізім,
Қойдыңдар ғой мені «əже» дегізіп.
Ұйқың келсе, «əлди-əлди» айтамын,
Қалғи бергін, сұрамай-ақ емізік.
Қос бұлағым жаңа көзі ашылған,
Талай шашу сендер үшін шашылған.
Бар байлығым – Елнұрым мен Нұрболым,
Артық маған өмірде бар асылдан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу