Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  99


Автор: Рза Қунақова

Көктем-көңіл күзге айналды, басты ызғар...

Көктем-көңіл күзге айналды, басты ызғар,
Бөкебайға ораныпты жас қыздар.
Алатау да ақ бас қартқа айналды,
Ақ шəлісін жамылыпты тас, құздар.
Құстар да жоқ сайрап тұрған орманда,
Жалғыз аңшы, жалғыз ақын сол маңда.
Өзгермелі, алдамшы бір өмір ғой,
Мəңгі нəрсе тіршілікте болған ба?
Көктем-көңіл күзге айналды бұлыңғыр,
Сəуірдегідей жазылмайды бүгін жыр.
Сыр сандығын ақтаратын бір құрбым,
Бұлтты күндей сырын менен бүгіп жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу