Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  75


Автор: Рза Қунақова

Жақын едің басқалардан өзгеше...

Жақын едің басқалардан өзгеше,
Шіренесің жат жандардың көзінше.
Сен құрметтеп жүрген сол бір жайсаңдар,
Сен қиналсаң, дəл менде боп сезінсе.
Кейбір адам құмар ірі сандарға,
Үйір болар атағы бар жандарға.
Салмағы жақ санға табынамын деп,
Басқалардың ақ көңілін қалдырма.
Көңіл, шіркін, гүл секілді көктеген,
Самал болып аялайық еппенен.
«Көңіл кірі айтса кетер», – дейді жұрт,
Айтпайсың ба, өкпең болса ептеген.
Айна емеспін, зерттеп көрер ішіңді,
Қайрап жүрсің қазір маған тісіңді.
«Өтірікпен жаным қас», – деп айтасың,
Шын сөйле онда, кім басып жүр мысыңды?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу