Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  85


Автор: Рза Қунақова

Оңалмай қойды менің ісім неге?

Оңалмай қойды менің ісім неге?
Кірмейсің бұрынғыдай түсіме де.
Сен Күн болсаң,
мен Жермін сені айналған,
Білмеймін, тартылыстың күші неде?
Қойдың ғой бұрынғыдай хабарласпай,
Көңілің суыды ма адал досқа?
Бөгде арнаға бұрылған өзендейін,
Бағытыңды өзгертсең, сөзім басқа.
Сені қайдам, мен жүрмін жаным жасып,
Көп ойлансам, кетеді қаным тасып.
Көңілім көшкен жұрттай құлазиды,
Желпінейін, жетші тез, таңым ашық.
Тым болмаса тіл қатшы түсіме еніп,
Менің де қалсын біраз ісім өніп.
Шырқашы мен ұнатар əндеріңді,
Сергиін, жыр жазайын күшіме еніп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу