Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  118


Автор: Рза Қунақова

Сен жүрсің: «дара жүйрік, жекемін» деп....

Сен жүрсің: «дара жүйрік, жекемін» деп,
Мен жүрмін: «арманыма жетемін» деп.
Меңіреу тілсіз жандай боламын да,
Қасыңнан жылдам басып өтемін тек.
Тартатын магниттей асылмысың,
Жүректі дір еткізген жасынбысың?
Күнді айналған жұмыр Жер тəріздімін,
Қойдың ба айналдырып басымды шын?
Айналдырып қойғандай басымды тым,
Байқасам, құпиялар ашылды мың.
Сен – менің аңсап күткен арманым ең,
Таптым ба тот баспайтын асылды шын?.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу