Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  65


Автор: Рза Қунақова

Түс деген не, айтшы сен осы, жаным....

Түс деген не, айтшы сен осы, жаным,
Ұйықтап жатып əніңе қосыламын.
Бірге жүрген сəттерге мəз болсам да,
Кей түсімнен еріксіз шошынамын.
Өңімде көрмейінші түстегіні,
Жария етіп жая алман іштегіні.
Мен талпынам қырандай тек биікке,
Иліктірмес көк жойқын күш те мені.
Иілемін қайыңдай саған, жаным,
Жаңа жауған ақ қардай ақ арманым.
Бір сен болсаң қасымда əніңменен,
Жайқалады жырымның бақ, орманы.
Түс деген не, шындық па осы, жаным,
Еске түссе еріксіз тосыламын.
Екеуміз – қос ішегі домбыраның,
Күйін келтір, əніңе қосыламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу