Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  70


Автор: Рза Қунақова

Сөз қуып мен ешкіммен егеспедім....

Сөз қуып мен ешкіммен егеспедім,
Жанымды ұқпас жанмен кеңеспедім.
Əнімен əлдилер, аяулым-ау,
Табынатын тəңірім емес пе едің?
Табынатын тəңірім емес пе едің,
Жеткізбейтін сағымдай елестедің.
Аялашы жанымды əуезіңмен,
Көк жиектен көрінген белес пе едің?
Əнің асқақ, жаның аппақ періштем ең,
Сəбидей айтқаныңа келіскен ем.
Құстардай түстікке ұшқан асығамын,
Өзіңмен жан сырымды бөліскен ем




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу