Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  86


Автор: Рза Қунақова

АҚКӨЛ АРУЫ

Көп болса да арулары Ақкөлдің,
Сен ғана тек ақын жанға тап келдің.
Саған деген сағынышты, Бекенай,
Алматыдан ауылыңа ап келдім.
Бір өзіңсіз жеке сайран салам ба,
Қызғалдақсың жалқы өскен далада.
Жаңалықтың бола берші жаршысы,
Мынау ғажап, шалқыған нұр заманда.
Менің жырым,
Сенің əнің шырқаған.
Шабыт сенсің жүрек тулап бұрқаған.
Назды үніңнен домбыраға қосылған
Сыбызғыдай сиқырлаған сыр табам.
Үнің ғажап,
Баурап алар жүректі,
Бойым балқып,
Жан дүнием дір етті.
Өнеріне мінезі сай, құрбым-ау,
Келе берер бір өзіңді жыр еткім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу