Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  193


Автор: Рза Қунақова

ҚОС АҒАШ

Боз далада тербеледі қос ағаш,
Шыбық кезден қатар өскен дос ағаш.
Сағыныштың сазы болар мендегі
Сені еске түсіреді осы ағаш.
Екеуі де Күнге қарап жайқалып,
Жел тұрғанда тербеледі шайқалып.
Қос арудай Күн нұрына шомылған,
Біреуінің мұңы бар, тұр байқалып.
Бір мейірімсіз түп тамырын кесіпті,
Сөйтсе де ол жерден нəр ап өсіпті.
Самал сипап маңдайынан аялап,
Күні-түні жібектей жел есіп тұр.
Ұқсас екен саған соның тағдыры,
Ұқсас екен саған оның жан жыры.
Бар ғұмырын көктеу үшін арнаған,
Жалғыздықпен өткен сендей сан жылы.
Сен де жардан ерте айрылдың жасыңнан,
Бұл өмірден ерте кеткен асыл жан.
Алтын діңгек бола білдің бір үйге,
Дос, дұшпаның сүйініп кеп, бас ұрған.
Қазір де сен жапырақ жайған ағашсың,
Шындыққа кім текке шаршап талассын?
Ару қызың, абзал ұлың ер жетіп,
Көк ормандай көктедің де жарастың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу