Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  119


Автор: Рза Қунақова

Елестетем ағайды...

Елестетем ағайды,
Көз алдыма күнде мен.
Шу етсем де маңайды
Жан емес ол үндеген.
Езу тартып күлетін,
Кейде қарап тек үнсіз.
Ертекті көп білетін,
Жұмыс десе, тынымсыз.
Егістікке ертемен
Елден бұрын баратын.
Құрметке үлкен бөленіп,
Жұрттан алғыс алатын.
Газет сайын мақталып,
Менің ағам жүретін.
– Айтсам елге мақтанып,
Ол жымиып күлетін.
Ол қарайды жолыма,
Туысқандық пейілмен.
Іні болып соңынан
Неге ермедім, – деймін мен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу