Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  73


Автор: Рза Қунақова

КҮТЕМІН

Көз алдымнан кетпейсің сен елестеп,
Жоқсың өзің, көретінім елес тек.
Естен əлі кетер емес сол күндер,
Асыр салып біз ойнаған белестер.
Күндер есте бақта жүрер қыдырып,
Лүпілдеуші ед жас жүрегім жиі ұрып.
Хат кешіксе, қалғандай-ақ сезінем
Жастық шақтың дастарханы жиылып.
Ерте жетші сағындырмай қасыма,
Серуендейік таудың шығып басына.
Жақсы кештер жадымда əлі сақтаулы
Күтемін тек сағынышпен асыға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу