Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  85


Автор: Рза Қунақова

ДОСЫМНЫҢ АРНАУЫ

Нөсерше кейде құйылып,
Өзенше тасыр көңілің.
Əп-сəтте одан тиылып,
Өзгере қалар өмірің.
Қызық қой өмір құбылған,
Алтайы қызыл түлкідей.
Жастығың тайып тұғырдан,
Өтер де шығар бір күндей.
Ақтарып кейде алмасаң,
Ойыңнан сырың асады.
Қырандай самғап қалмасаң,
Көңіліңді кім ашады?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу