Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  82


Автор: Рза Қунақова

Мен сені сағынамын...

Мен сені сағынамын,
Бұлбұлдар сайрағанда.
Мен сені сағынамын,
Алма бақ жайнағанда.
Мен сені сағынамын,
Көлдерге құс келгенде.
Мен сені сағынамын,
Маужырап түс көргенде.
Мен сені сағынамын,
Жол жүріп шаршағанда.
Өзіңе табынамын,
Жыр жазам аңсағанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу