Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  109


Автор: Рза Қунақова

ӨМІРГЕ КЕРЕК ТЫНЫШТЫҚ

Адамға керек тыныштық,
Есту үшін əн-күйді.
Адамға керек туыстық,
Белестен асар сан қилы.
Өмірге керек тыныштық,
Ұйықтайтын тыныш адамзат.
Əлемге керек тыныштық,
Сұрапыл соғыс маған жат.
Далаға керек тыныштық,
Лалагүл солмай жайнайтын.
Балаға керек тыныштық,
Алаңсыз мəңгі ойнайтын.
Анаға керек Тыныштық,
Аялау үшін бөбегін.
Балаға керек тыныштық,
Тыңдайтын ана өлеңін.
Өмірге керек тыныштық,
Кəусар таза ауа үшін.
Орманға керек тыныштық,
Естуге бұлбұл дауысын.
Өмірге керек тыныштық,
Күлкісі үшін сəбидің.
Өмірге керек тыныштық,
Шаттығы үшін əр үйдің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу