Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  98


Автор: Рза Қунақова

Гүлім болшы, күнім болшы, арайлым...

Гүлім болшы, күнім болшы, арайлым,
Кездескенде көз талғанша қараймын.
Əнім болшы сағынғанда салатын,
Таңым болшы жырмен қарсы алатын.
Жұлдызым бол жарқыраған көктегі,
Сенсің менің өмірімнің көктемі.
Аралайық, келші, жаным, бақтарды,
Еске алып, өткен жастық шақтарды...
...Сол бір кеште жан сырымды ақтардым,
Саясында ақ қайың мен ақ талдың.
Жастық дəурен таусылмайтын жыр-теңіз,
Содан бері жақындады іргеміз.
Əн салсақ та қосыламыз бірге біз,
Қос шынардай ғұмыр бойы біргеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу