Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  81


Автор: Рза Қунақова

Жаман екен меңдеген сырқатың да...

Жаман екен меңдеген сырқатың да,
Кейде шамаң келмейді тіл қатуға.
Сыймайды ақын жаны палатаға,
Мұрсат бер оған өлең бұрқатуға.
Қамама ақынды тар палатаға,
Текке жатсаң сарғайып таң ата ма?
– Қырымнан хат келетін кез болды, – деп,
Алаңдап хат жазайын жан апама.
Барсам да таулы Кавказ, Қырымыңа,
Сырқатымның белгісіз сыры мына.
Айдында ақ шабақтай еркін жүзіп,
Қыздар жүр гүл қадаған бұрымына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу