Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  71


Автор: Рза Қунақова

ЖІГІТ СӨЗІ

Көркің күндей нұр төгер,
Бойға қуат, жігерсің.
Мен айтайын, сен егер,
Қалауыңа жіберсең.
Жазда қызыл гүл болам,
Ұстап жүрер қолыңа.
Ақша қар, ақ нұр болсам,
Төселер едім жолыңа.
Сонда жиі көрер ем,
Қарға түскен ізіңді.
Шұғыла болып өбер ем,
Сүттей аппақ жүзіңді.
Мен ғашықпын күлкіңе,
Күлкің алар жанымды.
Айтшы жүрек кілті не?
Естіші менің зарымды.
Айтып жүрек қалауын,
Жеткізе алман сөзбенен.
Сөндірем қалай алауын,
Ұғысайық көзбенен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу