Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  194


Автор: Рза Қунақова

ТАҢҒАЖАЙЫП ЖЕҢЕШЕМЕ

(Айтжан Молдағұловаға)
Көңілің көктем жайнаған,
Гүл тəрізді жеңеше.
Қызыл гүл-қыздар айналаң,
Күн тəрізді жеңеше.
Құбылмалы күніңдей,
Өзгермейтін жеңеше.
Жүресің тек күлімдеп,
Сөзге ермейтін жеңеше.
Жер сілкінсе, қозғалмас,
Ерекше ғой мінезің.
Орынды айтсаң сөз қалмас,
Шешен, шебер бір өзің.
Үш баланың бағбаны,
Анасысың сүйікті.
Орындалсын арманың,
Тартпа ешбір күйікті.
Құтты болсын тойыңыз,
Толған екі жиырмаға.
Тойда айтар ойымыз –
Қыздарды «іш» деп қинама.
Қырық деген қыршын жас,
Жүдемей жет жүзге де.
Жетуге кім құлшынбас,
Көрсет үлгі бізге де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу