Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  88


Автор: Рза Қунақова

ТӨЗЕ АЛМАЙМЫН

Көңілім менің кейде толқып алаңдар,
Ей, адамдар, айналаңа қараңдар.
Біреу жатса қапылыста мертігіп,
Оны сүйеп, тұрғызуға жараңдар.
Келсе алдыңа жабырқаған жетімдер,
Аяп оны рахымшылық етіңдер.
Қарсы алдыңда жылап тұрса бір сəби,
Маңдайынан сипап, сүйіп өтіңдер.
Көз жастарын көргім келмес баланың,
Қызыл гүлін сыйлап өтем даланың.
Сəби де – гүл, шуақ керек оған да
Мейіріміндей əке менен ананың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу