Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  81


Автор: Рза Қунақова

ӨЛЕҢНІҢ ТЕРІП МАРЖАНЫН

(Мəриям Хакімжановаға)
Өлеңнің теріп маржанын,
Келесіз жырлап талмай Сіз.
Жанында өшпес бар жалын,
Жарыстан əлі қалмайсыз.
Көктемін талай ананың,
Өзіне қайта сыйладың.
Қыздарын байтақ даланың
Өнеге етіп жинадың.
Бір қызың батыр əйгілі,
Бірі əнші елің тамсанған.
Бөлісіп сізбен бəйгені,
Бұлбұлдай сайрап əн салған.
Қашанда биік тұлғаңыз,
Көремін жырдың төрінен.
Мəншүгің батыр, жыр нағыз,
Жарқ еткен майдан көгінен.
Мен шəкіртпін бар талап,
Өлеңнің отын іздеген.
Балауса жырымды арқалап,
Қаймыға келдім Сізге мен.
Даламдай дарқан жайсаңды,
Қарсы алдыңыз жымиып.
Анамдай күтіп байсалды,
Жүзіңде тұрды жыр ұйып.
Астыңыз алпыс белестен,
Əлі де самғай беріңіз.
Өлең, жыр самал желі ескен,
Жүйткіп жүзге келіңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу