Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  189


Автор: Рза Қунақова

ОН СЕГІЗ ЖАС

Он сегіз жас
көшкен сеңдей оралмас,
Жүз жасасаң
он сегіздей бола алмас.
Он сегіз жас оралмас.
Он сегізде
қыз құлпырар қызғалдақ,
Жыр жазады
жігіттер де қызға арнап.
Он сегіз жас –
өмірдегі қызғалдақ.
Он сегізде
мөлдіреген бұлақсың,
Он сегізде
алаулаған шырақсың.
Он сегізде – мұратсың!
Он сегізде шыңда өскен шынарсың,
Жұлдыз бенен бақтағы əнге құмарсың.
Жанарынан жалын атқан көздердің
Не бақыты, не қайғысы шығарсың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу