Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  86


Автор: Рза Қунақова

МЕНІ ІЗДЕ

Сен мені ізде
Жол жүріп шаршағанда.
Сен мені ізде
Қара көзді аңсағанда
Мен сенің жырың болам.
Сен мені ізде
Қарсы алғанда көктемді.
Сен мені ізде,
Серуендерде көк белді
Мен сенің гүлің болам.
Сен мені ізде
Керімсал кеш əлдилесе.
Сен мені ізде,
Сауықшылдар əн-күй десе
Мен əуез үнің болам.
Сен мені ізде
Аққулар əн салғанда.
Сен мені ізде
Көктемді қарсы алғанда
Мен сенің жырың болам.
Сен мені ізде
Ай мен Күн тұтылғанда.
Сен мені ізде
Теңізде дауыл құтырғанда
Мен сенің пірің болам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу