Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  385


Автор: Рза Қунақова

КЕЛІН ДЕСЕ КЕЛІНСІҢ

«Келін» десе келінсің, қысылма сен,
Ұяңдығың бірақ та жарасады.
Қызыл шай мен төріңді ұсын да сен,
Отыра бер, қонақ мəз тарасады.
«Келін» десе келінсің, жасыма сен,
«Келін» деуге əркім де таласады.
Ақ жаулығың байланған басыңа əсем,
Ақ көңліңдей отауға жасарасады.
«Келін» десе келінсің, солай шыны,
Аталыпты осылай анамыз да.
Оның да бар өзіндік терең сыры,
Ана болсақ, армансыз боламыз да!
«Келін» десе келінсің, қысылма сен,
Бұл өрелі өмірдің дəстүрі де.
Қызыл шай мен төріңді ұсын да сен,
Жомарт, нəзік бола біл жас күніңде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу