Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  98


Автор: Рза Қунақова

ОРАЛМАЙ ҚАЛДЫ-АУ

Соғысты білем
Солдаттың ағаш аяғынан,
Соғысты көрдім
Жауынгердің қайың таяғынан.
Соғыс салған жара бар жүрегімде
Жазылмаған əлі де баяғыдан.
Соғысты білем
Белгісіз солдат мазарынан.
Соғысты білем
Жетімнің төмен назарынан.
Соғысты білем
Жеңгемнің аза-жоқтауынан,
Жан əкемнің жас толы жанарынан.
Соғысты білем...
Жеримін арсыз есімінен..
Жеңісті көрдім
Бақыттың үлкен иесі мен!
Əттең, қалды-ау, оралмай көп махаббат
Сұм соғыстың алапат кесірінен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу