Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  210


Автор: Рза Қунақова

ҚҰРБЫММЕН СЫРЛАСУ

Күн нұрының ыстығы ма, жүзің сенің қара ғой,
Ал шашыңның қаралығын салыстырам көмірмен.
Менің-дағы қаралығым саған түрлі салады ой,
Жаралғанда мен осындай сый алыппын өмірден.
Бес саусағың үлбіреген мақтаның ақ сабағы,
Ақ қайыңды алқапта тумасаң да бірақ-та.
Жүрсең-дағы ыстықта жаның рахат табады,
Сенің үшін бір ғажап, аптабың да, шуақ та.
Таңсық емес қалайда саған көл мен өзенің,
Арыс пенен сыр жатыр сенің туған өлкеңде.
Қайда барсақ, жол ашық, бəрі маған – өз елім,
Жетелейді арманға, қол созамын ертеңге.
Арыс пен сыр бұралған қос бұрымың секілді,
Сен сөйлеген тілменен олар да сыр шертеді.
Адамдар көп дерінде аңқылдаған, жаны ізгі,
Жеке-жеке əрбірі – айтылмаған ертегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу